05 мау, 2023 сағат 15:35

Павлодар облысында 26 жастағы жүргізуші 50 жастағы ер адамды қағып кетті

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында 26 жастағы жүргізуші 50 жастағы ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда Павлодар облысы Ақсу қаласында М.Мәметова көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ал 4 маусым Ақтоғай-Шолақсор автожолының 97 шақырымында, Жалаұлы ауылының маңында, Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмған.

"ЖКО фактілеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды" - делінген хабарламада.