26 ақп, 2018 сағат 09:11

Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жаңа орынбасарын таныстырды. Өңір басшысы Дәурен Махажановтың кандидатурасын ҚР Президент әкімшілігі ұсынғандығын атап өтті.

Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Бауыржан Қасенов басқа қызметке ауысты.

Дәурен Махажанов 1980 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдады. Экономика ғылымдарының кандидаты. Жаңа тағайындалған орынбасар еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2001-2009 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ, «Альянс банк» АҚ екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметте болды. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да төраға орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да басқарма төрағасы міндетін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары лауазымында болды.