27 жел, 2017 сағат 13:47

Павлодар мұнай зауытына жаңа басшы келді

Оспанбек Әлсейітов «ПМХЗ» ЖШС-ның бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен «ПМХЗ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы 2017 жылғы 22 желтоқсаннан бастап «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды», - делінген зауыттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, Оспанбек Әлсейітов «ПМХЗ» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы болып 2017 жылғы 7 қарашада тағайындалған болатын.

Сол күні зауыттың бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылған еді. Оған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың зауытта каталитикалық крекинг қондырғысын іске қосудың кешеуілдегенін қатаң сынға алуы себеп болған.