Павлодар мектебінде шыққан өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Аумағы 1220 шаршы метрді құрайтын кеңсенің шатыры, жиһаздары өртенді. Өрт сағат 11.15-те сөндірілді. 1975 жылы туған әйел уланып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Мектеп директорының айтуынша, өрт физика кабинетінің зертханасында болған. Оқиға кезінде сыныпта 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі болған.
"Физика пәнінің мұғалімі өрт туралы хабарлады. Дереу өртсөндіргішпен өртті сөндіруге кірістік, өзіміз сөндіре алмағандықтан, өртсөндірушілерді шақырдық", - деді мектеп директоры.