18 нау, 2020 сағат 16:03

Павлодар мекемелеріне қашықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылды

Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Павлодар облыстық еңбек басқармасы барлық мекемелерді онлайн жұмыс режиміне көшуге кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанның еңбек заңнамасы еңбек қызметінің түрлі тетіктерін - толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу, қашықтан жұмыс жасауды орнату, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және тағы басқаларын қарастырады. Мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерді уақытша жұмыссыз қалдыруға құқығы бар», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық еңбек басқармасынан. 

Еңбек шарты бойынша, егер жұмысты уақытша тоқтата тұрудың себебі кәсіпорын мен қызметкерге байланысты болмаса, ол еңбек және ұжымдық шарт бойынша рәсімделеді. 

Жұмысты уақытша тоқтату төлемі ең төменгі жалақыдан – 42500 теңгеден аз болмауы тиіс, деп атап өтті аймақтық басқармадан. 

«Егер ұйым өз қызметін тоқтатып, қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмаған еңбек демалысына жіберсе, еңбек басқармасының өкілдері +77056092989 нөміріне хабарласуды сұрайды. Хабарламаны WhatsApp мессенджері арқылы және жасырын түрде қалдыруға болады. Бұл шара, ең алдымен, қолда бар фактілерге талдау жүргізуге және төтенше жағдай кезінде жұмыс берушіге кәсіпорын қызметінің қазіргі тетіктері туралы хабардар етуге бағытталған», - деді ведомстводан. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елімізде 16 наурыздан бастап ТЖ режимін енгізді. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.