21 қар, 2022 сағат 14:10

Павлодар қаласында күйеуі әйелін пышақтады - полиция тергеу бастады


Павлодар қаласында ер адам әйелін бірнеше жерден пышақтаған. Абырой болғанда әйел аман, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әйелдің мәлімдемесі қоғамдық құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

Оның айтуынша күйеуі денесінің бес жерінен пышақ салған. Үш баланың анасы құқық қорғау орындарынан араша сұрайды.

Павлодар қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалған айтады.

"Осы факті бойынша материал Павлодар қаласы полиция басқармасының орталық полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізіледі, барлық материалдар зерттеледі. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді Павлодар қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.