сурет: inform.kz
Павлодар автовокзалында 34 жастағы жергілікті тұрғын Алматы облысының 35 жастағы тұрғынына пышақ салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Tipavlo Telegram-арнасында "Бүгін кешке Павлодар автовокзалында адам пышақталды" деген видео жарияланды. Бейнені қалалық полицейлер тексеріп, зерделеді.
Бұл дерек қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген.
Белгілі болғандай, жанжал кезінде 34 жастағы павлодарлық өзінің танысы Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ салғаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" - делінген хабарламада.