08 мам, 2023 сағат 14:24

Павлодар әкімнің суретін алаяқтар қолданған – облыс басшысы көмек сұрады

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханның суреті жалған жарнамада қолданылған. Бұл туралы шенеунік әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Жарнамаларда оның аты-жөні Ерасыл Жақсылықов деп көрсетілген.

"Соңғы кезде маған Инстаграм әлеуметтік желісінде менің суретім бейнеленген заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатыр.

Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін.

Сондықтан мен өзімнің заңгерлеріме осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым. Инстаграмда осындай жарнама кезіктірген жазылушыларыма ол жарияланымға шағым жасауын сұраймын. Сіздерге осындай көмек үшін алғыс айтамын", - деп жазған ол желіде.