Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында
барлық жас ерекшеліктері бойынша зіл темір көтеруден кезекті Азия чемпионаты
өтуде. Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан
облысының №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің талантты спортшылары
ғаламат жетістіктерге жетуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз
қызметі хабарлады.
Мақсаттары айқын түркістандық спортшылар – 53
келідегі Алишер Заитов пен 52 келіде өнер көрсеткен Алена Гладкова жеңіс шыңын
бағындырып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар түркістандықтардың арасында
Сарвиноз Насиридионнова да жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама қоржынына бұдан басқа
алтын медаль салған Алена Гладкова да бар.
Тағы бір қуанышты жаңалық, Түркістан облысының
талантты спортшы қызы Барно Джумабаева керемет ойын көрсетіп, Азия
чемпионатының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол Әлем мен Азия чемпионатының
рекордын жаңартты. Барно Джумабаева бұл жарыс жолында қарсыластарын басып озып,
500 грамм салмақ арттырды.
Сары құрлық елдерінің ең талантты деген спортшылары
қатысқан бұл Азия чемпионтында 84 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ирада
Абдырова мен +84 келідегі түркістандық спортшы Сарвиноз Насириддинова да тамаша
жеңістің үлгісін көрсетті. Бұл жеңімпаздар – білікті басшы әрі жастардың
жанашыры Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін облыстық №2-ші облыстық
олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.
«Жекпе-жек спорт түрлерінен де жерлестеріміз сенімді
ақтады. Акбар Елубайұлы джиу-джитсудың екі түрінен Азия чемпионы атанды»,
делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында
8-11 қыркүйек айында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Айтулы додаға
қатысқан созақтық Акбар Елубайұлы қарсыластарынан басым түсіп, тұғыр биігінен
көрінді. Сондай-ақ Акбар Елубайұлы қазан айында «Naiza fighting championship»
кәсіпқой промушінінде өнер көрсетеді.