02 сәу, 2021 сағат 11:23

Пандемия кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұқаралық ақпарат құралдарына арналған онлайн брифингте аймақтық деңгейде бизнес қоғамдастықты қолдау мақсатында олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді шаралардың дайындалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев қолдау шараларының бизнес қауымдастықпен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге талқылатынын атап өтті. Өңірлік пен қалалық іскерлік кеңестердің отырыстарында коммуналдық төлем, жұмыс істемеген кездердегі жалдау ақысы бойынша қарыздарды жою шаралары ұсынылды. 

«Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі дайындалған іс-шаралар пакеті орта кәсіпкерлік шығындарда, коммуналдық төлемдерді толық субсидиялауды, қоғамдық жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және квазимемлекеттік мүлікті жалдаудан босатуды, базарлар мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтарында орын жалдаушыларына жалдау ақысының 30%-ын субсидиялауды қарастырған»,-деді әкім. 

Сонымен қатар, республикалық деңгейде бірқатар қолдау шаралары дайындалды. Бұл жұмысы тоқтаған бизнес салаларының салықтан, төлемдерден, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдерді беру, несиелерді төлеу кейінге шегерілді.