02 қаз, 2024 сағат 13:46

Пәкістан азаматтары Еуропаға жету үшін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

Фото: pexels.com

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Мемлекеттік шекарасын өткізу пунктерін тысқара жерден қасақана заңсыз кесіп өтті деген айыппен үш шетел азаматтарына қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі бойынша қозғалған.

Сотта 2024 жылдың 15 мамырында Пәкістан азаматтарының бір тобы Еуропаға жұмысқа орналасу үшін транзит жасау мақсатында Бішкекке келген. Алайда Қырғызстан астанасында қаржылық қиындықтарға тап болған олар маршрутты өзгертіп, Қазақстан мен Ресей арқылы өтуге шешім қабылдаған.

Осы мақсатта олар Қазақстанға Қырғызстанның Чолпон-Ата, Қаракөл және Кеңсу қалалары арқылы жол тартқан. Кеңсудан олар жолды жаяу жалғастырып, бірнеше күннен кейін Қазақстанның шекарасына жеткен.

2024 жылы 13 маусымда Алматы облысының Кеген ауданында оларды шекара наряды ұстап, сотталушыларда Қазақстан шекарасын заңды түрде кесіп өту туралы қажетті белгілердің жоқтығын анықтаған.

"Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен: сотталушылар Мемлекеттік шекараны бұзу орнын көрсеткен фотокестесі бар оқиға орнын тексеру хаттамасымен және басқа да материалдармен толық дәлелденген. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар бойынша сот олардың шын ниетпен өкінетінін таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - деді ол.


Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ҚР-ның шегінен тысқара жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 62-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес сотталушыларды үкім заңды күшіне енгенге дейін ұстау уақыты жаза мерзіміне, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады, осыған байланысты сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден босатылды.

Қазақстан Республикасынан тысқара жерге шығарып жіберу түріндегі қосымша жаза үкім заңды күшіне енген кезден бастап орындалуға тиіс екені хабарланды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.