26 сәу, 2023 сағат 15:53

Пакетті парашют ретінде пайдаланған: бесінші қабаттан секірген бала аман қалды

Фото: © Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Текелі қаласында 8 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жетісу облыстық төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 сәуірде сағат 12.20-да болған. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секірген.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Ол Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға арқасы көгерген, кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, баланың жерге соғылуын ағаш бұтақтары жеңілдеткен.

Төтенше жағдайлар депаратменті балаларды қараусыз қалдырмауға, терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес береді.