Атырау облысында Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті судан шығарылды, деп хаарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан бұрын Атырау облысында 26 жастағы жігіт суға кеткенін жазған едік.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, қарсы беттегі жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.
Ойылға батқан жігітті іздеу кеше, 22 сәуірде сағат 10:45-те басталды. Іздестіру жұмыстары бүгін, 23 сәуірде сағат 08:00-де қайта жалғасты.
«Қызылқоға ауданының 1996 жылы туған тұрғыны Ойыл өзенінен атпен өту кезінде суға батып кеткен. Оны іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері тартылды. Жергілікті 5 тұрғын іздестіру жұмысына көмекке келді. Ойыл өзеніне батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті бүгін, 23 сәуірде сағат 09:30-да судан шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.