31 қаз, 2025 сағат 15:39

Келін енесінің етінен манты жасап, көршілеріне таратқан

Фото: Upl.uz

Өзбекстанда ұзаққа созылған отбасылық жанжалдың соңы сұмдық қылмысқа ұласты, деп хабарлайды Ult.kz Protocol.uz басылымына сілтеме жасап. 

Тергеу деректеріне сүйенсек, келін мен ене арасындағы араздық жылдар бойы жалғасып келген. Бір-біріне деген қызғаныш пен өшпенділік бір күні қайғылы оқиғаға әкелген.

Кезекті ұрыс кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ сұққан. Әйел сол сәтте көз жұмған. Өз әрекетін жасыру үшін келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көміп тастаған.

Бірақ сұмдық мұнымен аяқталмаған: оқиғаға куә болған күйеуі әйелінің қылмысын әшкерелеуге тырысқан сәтте, ол да әйелдің қолынан қаза тапқан.

Қылмыстан кейін келін өзін ештеңе болмағандай ұстап, асүйге кіріп, енесінің етінен манты пісіріп, оны көршілеріне таратқан. Осылайша ол айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.

Алайда көп ұзамай қылмыс әшкереленіп, әйел ұсталды. Сот оны кінәлі деп танып, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Бұл сұмдық оқиға Өзбекстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасындағы психологиялық қысым мәселесін қайта шығарды.

Сарапшылар мұндай трагедиялардың алдын алу үшін жанжалдарды ерте сатыда шешу, отбасылық дауларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетудің маңызын атап өтті.