05 қар, 2021 сағат 17:28

Өзбекстан Президентінің инаугурациясы күні белгілі болды


6 қараша күні сағат 11:00-де Ташкентте Олий Мажлисі ғимаратының жаңадан салынған үлкен мәжіліс залында Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен Сенатының жаңа сайланған Президентті ұлықтауға арналған бірлескен отырысы өтеді.

Бұл туралы Өзбекстан Парламенті баспасөз қызметінде мәлімет таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Еске салайық, 29 қазанда Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының қорытындысын ресми түрде жариялады.

ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, ресми мәліметтер бойынша сайлаушылар келесідей дауыс берген:

- сайлауға қатысқандардың 5,48 пайызы (888 515 адам) Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан кандидат Әлішер Қадыровқа дауыс берді;

– Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының кандидаты Шавкат Мирзияевқа 80,12 пайызы (12 988 964 адам) дауыс берді;

- 6,63 пайызы (1 075 516 адам) Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясынан кандидат Мақсуда Ворисоваға дауыс берді;

- Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясынан кандидат Бахром Абдухалимовқа 3,39 пайызы (549 766 адам) дауыс берді;

– Сайлауға қатысқандардың 4,14 пайызы (670 641 адам) Экологиялық партиядан кандидат Нарзулла Обломуродовқа дауыс берді.

Өзбекстан президенттігіне екінші мерзімге сайланған Шавкат Мирзияевті ұлықтау рәсімі 6 қарашада өтеді.