04 жел, 2022 сағат 09:07

Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды



Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді. 

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды" - делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.