Ірі өзбек кәсіпкері Гафур Рахимовтың аты-жөні 15 қыркүйекте Өзбекстандағы Интерпол өкілдігінің тізімінен алынып тасталды. 2012 жылы АҚШ қаржы министрлігі оны ұйымдасқан қылмысты топтың мүшесі ретінде «қара тізімге» енгізген. Бірақ 65 жастағы Гафур Рахимовтың аты-жөні әлі күнге дейін АҚШ-тың «қара тізімінде» бар.
centralasian.org-тың мәліметінше, «Гафур Рахимов постсоветтік мемлекеттердің «Ағайынды топ» деп аталатын қылмыстық топтың басты мүшесі. Бұл ұйым Орталық Азия елдерінде есірткі шығарумен айналысады. Рахимов әлемдік ірі есірткі операцияларына қатысуды жалғастырып келеді», – делінген АҚШ қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған материалда.
Аталған құжатта Гафур Рахимовтың екі өзбекстандық төл құжаты бары жазылған. Ондағы мәлімет бойынша, қазір ол Дубайда тұрады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы Гафур Рахимовтың Өзбекстандағы бизнесіне тексерулер жүргізілгеннен кейін, ол өз еркімен Біріккен Араб Әмірлігіне кеткен.