04 жел, 2018 сағат 21:12

Отырар қорық-мұражайында «Елбасы - Ұлт Көшбасшысы» атты көрме өтті

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы». Осындай тақырыппен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қонақтар алдымен музей мен  аудандық орталық кітапхананың ұйытқы болуымен қойылған «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмені тамашалады. Шара барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов, әдебиетші Сағындық Қыдыр, тарихшы Бекжан Бейсенбай және музей қызметкерлері Елбасының ел бірлігі, ұлттар татулығы жолында сіңірген еңбектері жайында кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ, «Ақбол» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кадрлардың кәсіби қызметінде технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, құтықтау сөз сөйледі. 

Мерекелік іс-шаралар Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан және эстафеталық ойындар жарысының ашылу салтанатында аудан әкімі жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Мереке аясында ауданымызда Медиацияны дамыту орталығы  ашылды. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов бірыңғай қызмет көрсету орталығының ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады. Жиында  Шымкет қаласындағы медиацияны дамыту орталығының директоры Лаура Ақшегірова мен аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтар  сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шара Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде  «Мен Президентіммен мақтанамын» тақырыбында жалғасын тапты. Көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлаған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің ертеңгі болашағы болып саналатын бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалады.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Елбасы – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, өсіп келе жатқан жас буынға Мемлекет басшысының ғибратты істерін үлгі-өнеге ете отырып, әсерлі әңгіме өрбітті.

«Кемеңгер   Елбасы  -  ырысы  елімнің»  атты мәдениет сарайындағы салтанатты жиын мазмұнды өткен барлық іс-шараларды қорытындылады. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов отырарлықтарды мерекемен құттықтап, әр сала бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосқан қызметкерлерді аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.