12 қаң, 2021 сағат 10:07

Өткен жылы Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асты?

Өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» аясында кәсіпкерлерге 516 млрд теңге қарыз берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1 трлн теңгеге 1 373 өтінім келіп түсті. Оның ішінде банктер жалпы сомасы 658,9 млрд теңгеге 854 өтінімді мақұлдады, 516,2 млрд теңгеге 778 қарыз берілді», - деді ол. 

Сонымен қатар ол кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 2020 жылы 31 желтоқсанда кәсіпкерлер 612,5 млрд теңгеге 2 493 өтінім бергенін айтты.

«474,6 млрд теңгеге 1 733 өтінім мақұлданды, 528 млрд теңгеге 5 158 қарыз берілді. Оның ішінде 136 млрд теңгеге 2 454 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен беріліп отыр», - деді Ерболат Досаев.