ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметіндегілер 2016 жылы қанша қазақстандықтың елден кетіп қалғаны жайлы мәлімет таратты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Өткен жылы Қазақстанға келіп, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендердің саны 13 347 адамға жеткен.
Ал елімізден кетіп қалғандардың саны - 34 965 адам, бұл 2015 жылға қарағанда 16,4 пайызға көп.
Олардың 28 677-сі Ресейге, 2637-сі Германияға, 393-і Беларуське, 228-і АҚШ-қа, 173-і Польшаға, ал 168-і Канадаға көшіп кеткен.