19 ақп, 2020 сағат 17:35

Өткен жылы Алматы облысына 2,3 млн. турист келген

Алматы облысында өткен жылы туристер саны 19 процентке артып, 2,3 млн. адамнан асты. Оларға көрсетілген қызметтердің көлемі 1,2 есе өсіп, 16 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың ел алдындағы есепті жиынында белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Амандық Баталовтың мәліметіне қарағанда, биыл Үшарал қаласының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары басталады, бұл үлкен ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Алакөл көлінің жағалауында сумен жабдықтау, су бұру желілерінің құрылысы және жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл демалушыларға жайлы жағдай жасайды және олардың санының 1,5 млн. адамға дейін өсуіне мүмкіндік береді.