Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында барлығы 1 165 адам эвакуацияланды, оның 676 -ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 480 – туыстарының үйлеріне орналастырылып, 9-ы үйлеріне оралған.
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Қарағанды және Ақмола облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде және Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесінде бір көпірде су тасып жатыр.
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері 1 368 мың м3 еріген қар суы сорылды. Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инертті материалдары бар 68 112 қап төселді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 2 402 адам, 798 бірлік техника, 350 су айдау құралдары және 18 жүзу құралдары жұмылдырылды.
"Батыс Қазақстан облысында Маңғыстау және Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Тасқала ауданы мен Орал қаласында жұмысын жалғастыруда.
5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Ақмола облысына ТЖМ 52859 әскери бөлімінің құрамында 40 адам, 4 бірлік техника бар әскери қызметшілер келді. Олар Жібек Жолы және Қоянды кенттерінде жұмыс жүргізу үшін 2 топқа бөлінді.
5 сәуірде алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентіне құрамында 15 адам, 2 бірлік техникасы бар ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді" - делінген министрлік х
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +60-тан +200С-қа дейін, түнгі уақытта 00-ден +100 С-қа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Ғарыштық мониторинг деректері бойынша қармен жабу ауданы 30%-дан аз, қар қорының басым бөлігі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.