21 қараша күні Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында үздік бейнероликтерге арналған «Отбасы – тәрбиенің бастауы» атты облыстық конкурс өз мәресіне жетті.
Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында өтті.
Облыстық конкурсқа қатысу үшін облыстың 18 ауданынан (қалаларынан) отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары өтінім берді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Мен және менің отбасым» отбасылық қарым-қатынас клубы І дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;
2 орын – Жақсы ауданы, Жақсы №1 орта мектебінің «Отбасы-аялы алақан» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;
2 орын – Қорғалжын ауданы, Жұмай негізгі мектебінің «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;
3 орын – Біржан сал ауданы, Казгородок орта мектебінің «Отау» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;
3 орын – Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;
3 орын – Зеренді ауданы, Абайорта мектебінің «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады.