28 қаң, 2019 сағат 14:56

Отандық сусындар Ұлыбритания мен Жапонияға экспортталады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстанбек Қабыкенов ағымдағы жылы экспортқа шығарылатын тауарларды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл экспорттың географиясы кеңейеді деген жоспарымыз бар. Теміржол өнімдері - Мысыр, Әзербайжан мен Өзбекстанға, аммиак селитрасы - Грузияға, сары фосфор мен фосфор-калий тыңайтқыштары - АҚШ, Чеxия, Германия мен Польшаға, балмұздақ - Моңғолияға, су, сүт пен ет - Ауғанстан, Сингапур мен Қытайға, жеңіл көліктер - Қырғызстанға, арматура - Тәжікстанға, сафлор майы - Жапонияға, натрий цианиті - Ресейге, амоний сульфаты - Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанға, xром өнімдері мен алкогольсіз сусындар - Жапония, Ұлыбритания, Түркия, Ауғанстан мен Беларусь еліне, құрылыс қызметтері, синтетикалық микрофибра, шойын бұйымдары және автобустар жақын шетелге экспортталады», - деді А.Қабыкенов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, ресми мәліметке сәйкес, 2018 жылы он бір айдың ішінде жалпы экспорттың көлемі 54,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Бір жылдың ішінде аталған көрсеткіш 26,4 процентке өсті. Соның ішінде шикізаттық емес өнімдердің көлемі 2,9 процентке артып, 14,3 миллиард долларды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінің экспорты 9 процентке өсіп отыр.

«Бүгінде Қазақстан 119 елге 800-ге жуық өнімді экспорттайды. Экспорттық қоржынымыз жыл сайын орта есеппен 5-8 өніммен толықтырылып отырады», - деп атап көрсетті А.Қабыкенов.