05 мам, 2021 сағат 02:10

Отандық кәсіпорындар сұйық май бағасын бір айда 8,6% өсірген


Өткен сәуір айында отандық өндіруші кәсіпорындарда сұйық май 8,6% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі хабарлады.

Биылғы сәуір айында оның алдыңғы наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндіруші отандық кәсіпорындарда баға 4,9% өсті. 

Өткен айда тау-кен өндіру саласында баға көтерілді: 

- мұнайға 6,5%;

- табиғи газға 1,1%; 

- металл кендеріне 0,4%. 

Өңдеу саласында баға жоғарылады: 

- алюминийге 8,7%; 

- мысқа 7,5%; 

- ферроқорытпаларға 6,1%; 

- мырышқа 5,9%. 

Осы салада баға төмендеді: 

- қорғасынға 3,9%;

- асыл металдарға 1,3%.

Мұнай өнімдерінен қымбаттады: 

- мазут 9,9%; 

- сұйытылған пропан және бутан 3%; 

- бензин 2,8%.

Азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға көтерілді: 

- өсімдік майына 8,6%;

- құс етіне 3,5%;

- мал етіне 3,1%;

- жармаларға 2,6%;

- қантқа 2,4%;

- макарон өнімдеріне 1,2%;

- бидай ұнына 0,8%;

- күрішке 0,5%;

- сүт өнімдеріне 0,3%.

Бағасы арзандаған азық-түлік: 

- қара бидай ұны 7,1%: 

- шай 0,2%.

Сондай-ақ электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 7,1% жоғарылады, суды бөлу бойынша қызметтер 0,9% төмендеді.