«Отандастар» қоры қандастарды тікелей сауалдары бойынша қабылдайтын байланыс орталығын ашпақ. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұндай бастаманы қор Президенті Нұртай Әбіқаев мәлімдеген.
«Даярланған жұмыс жоспары аясында «Отандастар» қоры жанынан арнайы байланыс орталығын ашпақпыз. Онда қандастарымыздың өздерін мазалайтын барлық сұраққа жауап алуына мүмкіндігі болады. Жобалық басқару тәсілі арқылы бұл орталықта елге оралған және оралуға ниетті отандастарымызға қажетті барлық ақпар жинақталатын болады. Аталмыш бастама алдымен Астана мен Алматыда, одан кейін еліміздің басқа да аймақтарында ұйымдастырылады. Жобаны жүзеге асыру барысында орталық мемлекеттік органдары, профильдік компаниялар және ұйымдармен бірігіп жұмыс істейміз деген ойдамын», - деді Нұртай Әбіқаев.