Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан аумағында қай автожолдардың сапасы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер министрден Қазақстандағы ең нашар және сапасы жоғары жолдар туралы сұрады.
«Нұр-Сұлтан – Бурабай, Нұр-Сұлтан – Қарағанды ең жақсы автокөлік жолдарының бірі екенін өздеріңіз білесіздер», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Министр жақын арада Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында құрылысы жүріп жатқан учаскенің құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.
«Бұл учаскедегі құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін, осы жол да заманауи талаптарға сай келетін болады», - деді ведомство басшысы.