Бүгін Өскемендегі бес мектепте сабақ тоқтатылды. Мектептен жарылғыш заттар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, бүгін No9, 11, 16, 29 және 37 мектептерде сабақ тоқтатылған.
"Биыл 8 қарашада Өскемен қаласының бірнеше мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. Мектеп ұжымы мен оқушылары эвакуацияланды", - делінген Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, департамент тұрғындардан сабыр сақтап, қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрады.
Еске салайық, мұндай қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.