15 там, 2019 сағат 13:58

Өскемендегі ауданды хлорлы бұлт торлады

Өскеменнің Согра ауданында хлордың өткір исі тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Согра ауданының тұрғындары хлордың өткір исіне шағымданды. Шығыс Қазақстан облысының Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары оқиға орнына барып, жұрттың шағымы негізді екенін анықтады. Біз аталмыш ауданға кіре бергенде өткір иіс бірден сезілді. Маңайдың бәрін ақшыл түтін торлапты. Тыныс алуда қиындықтар сезілді», - дейді орталықтың маманы Елена Полянцева.

ШҚО Экология департаменті аталмыш аудан аумағынан және оған іргелес аумақтардан ауа сынмаларын алыпты. Сол сынамаларды зерттеу арқылы өткір иістің қайдан келгені, оның ауаға келтірген залалы қандай болғаны анықталмақ.