Өскемен қаласында бүгін волонтерлар орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұндағы мақсат – еріктілердің санын арттыру, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту. Орталықтың ашылуына қала әкімі Жақсылық Омар қатысты.
«Еріктілер орталығындағы жастар жыл бойында бір координатордың бағыт-бағдарымен жүріп, бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Концерттік шараларды жиі ұйымдастырғаннан гөрі қоғамға пайдалы жұмыстарды атқаруға ұмтылу керек», – деді қала әкімі.
Орталық директоры Ринат Ахметжановтың айтуынша, еріктілер аязды күндері далада жаурап тұрған жандарға ыстық шай ұсынып, қарт адамдардың үйіне барып қар тазалауға көмектесуде. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасып табады.