Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға бүгін түс кезінде Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, трамвайдың рельстен шығып кетуіне жолды қар басуы себеп болуы ықтимал. Осы ретте «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС көлік жүргізушілерінің трамвай жолдарына шықпауын сұрайды.
«Өкінішке қарай, көбісі діттеген жеріне жылдам жету үшін трамвай жолына шығып кетеді. Ал мұндай қар көп жауып жатқан кезде бұл біршама қиындық тудыруы мүмкін», - дейді компания өкілдері.