04 ақп, 2020 сағат 16:44

Өскеменде «Сергек» камералары бір айда 300-ден астам заңбұзушылық тіркеді

Өскемен қаласында «Сергек» камералары бір айдың ішінде 300-ден астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көркем Телеком» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 1-30 қаңтар аралығында «Сергек» бейнебақылау камералары 345 заңбұзушылық тіркеген. Оның ішінде 220-сы ұсақ бұзақылық, 73-і қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, 47-і жол-көлік оқиғасы, 1-і – ұрлық.

Айта кетсек, бүгінде облыс орталығында 1700 камера бар. Олар жол қиылыстары мен жекелеген аумақтарда, сондай-ақ сауда орталықтары мен адам көп шоғырланатын орындарда орнатылған.