08 қар, 2022 сағат 15:55

Өскеменде мектептерді тексеру аяқталып, соталды тергеу басталды


Полицейлер Өскемен мектептерін тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нысандарды тексеру және қарау нәтижелері бойынша қауіпті заттар табылмады. Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар берген адамдарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бүгін таңертең полицейлерге Өскемендегі бес мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсіп, кейін алтыншы мектеп туралы ақпарат белгілі болды.