Фото: Pavel_shishkin/Adobe Stock
Өскеменде өткізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бірреттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"Іс-шаралар нәтижеcінде 8,5 млн теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.
Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жазаны көздейді.
Материалдар сотқа жіберілді" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.