03 қар, 2022 сағат 13:40

Өскеменде интим қызмет көрсеткен салон анықталды


Өскеменде боди-массаж салонының заңсыз қызметі жойылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы салондардың бірінде жеңгетайлық дерегін анықтаған. Онда жұмысшылар жалпы массажды желеу етіп, боди-массаж деп аталатын эротикалық сипаттағы интимдік қызметтер көрсеткен. Қызмет құны 15-20 мың теңге аралығында болған.

Аталған дерек бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі ұсталды, ол клиенттерді интернет-сайттардың көмегімен тауып отырған. Оқиға орнынан клиенттің өзіне көрсетілген интимдік қызметі үшін төлеген ақшасы тәркілеген.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес әйелді мүлкін тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.

Онымен бірге басқа қаладан жұмыс істеуге келген 18 бен 31 жас аралығындағы салонның 4 қызметкері де ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып жатыр.