02 жел, 2022 сағат 14:54

Өскеменде электр желісінде апат болып, 2 мыңға жуық үй жарықсыз қалды


Өскемен қаласында электр желісінде апат болып, 1800 үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Өскемендегі бірнеше көше жарықсыз қалған.

Белгілі болғандай, бұған «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.

«№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.