13 нау, 2020 сағат 14:14

Өскеменде азық-түлік қоры жеткілікті – әкімдік

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы күндері қала тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алуда. Дүйім жұрт тауарлардың жетпей қалады және баға қымбаттап кетеді деп алаңдаулы. Осы орайда қала әкімі халықты сабырға шақырды.

«Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевтың төрағалық етуімен бұл мәселеге орай жиын өтті. Оған қаладағы барлық сауда орталықтары мен базар басшылары қатысқан. Жиын барысында азық-түлік қорының жеткілікті және бағаның тұрақты екені айтылды. Сондықтан тұрғындарды даурықпауға шақырамын», - дейді Жақсылық Мұқашұлы.