ШҚО әкімдігі Өскеменде апатты жағдайда қонған Ан-2 әуе кемесіндегі жолаушылардың жағдайы туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
Бүгін сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында «Орлан-2000 әуе компаниясы» ЖШС Ан-2 әуе кемесі апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағытымен ұшқан.
«Алайда тапсырма өзгеріп, әуе кемесі Өскеменге кері қайтады. Бірақ Прапорщиково ауылының маңындағы 124-бағытта қозғалтқыш жана бастаған. Бортта бес адам болды. Екі дәрігер - Асаубаев, Халитов және экипаж мүшелері - Шкулов, Шалыгин, Иванов. Бәрі аман-есен», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын.