19 нау, 2020 сағат 08:23

Өскеменде 3 адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат – жалған

Өскемен қаласындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған штаб өкілдері тұрғындарды әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Өскеменге Мәскеуден келген 3 адамнан коронавирус анықталды» деген ақпарат тарап кеткен. 

«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазір ШҚО-да бір де бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмеген. Ел арасында жалған ақпарат таратқандардың заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз», - деп хабарлады штаб өкілдері.