Өскемен қаласында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствода хабарлағандай, 8 ақпанға қараған түні Өскемен қалалық полиция басқармасының ППБ патрульдік жасағына көпқабатты үйлердің бірінде тыныштықты бұзу туралы қоңырау келіп түскен.
Шақыру орнына дереу жеткен патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция аға лейтенанты Нұржан Какеев пен полиция аға лейтенанты Бекарыс Абдолданов алкогольдік ішімдік ішкен екі ер адамның 9-қабаттағы баспалдақта бір-бірімен қатты сөйлесіп тұрғанын анықтаған.
Полиция қызметкерлері ер адамдарға олардың тәртіпті бұзып жатқанын түсіндіріп, шу шығармауын өтінген. Алайда, олар полицейлердің сөзін тыңдамай, дауласа бастаған. Кейін олардың бірі полиция қызметкерінің мойнына пышақ сұғып, содан кейін баспалдақпен төмен қарай жүгіріп кеткен.
Пышақ жарақатын алғанына қарамастан, Нұржан Какеев тез арада қашып бара жатқан тәртіп бұзушының артынан жүгірген. Көшеде жүгіріп келе жатқан ер адам полициядан қашып құтыла алмайтынын түсініп, полиция қызметкерлерінің алдында пышақ ала бастаған.
«Осыған байланысты полицейлер ер адамның қолындағы пышақты жұлып алу үшін арнайы «ПР» құралын қолданған, атап айтқанда, олар тәртіп бұзушының қолын резеңке шоқпармен ұрып жіберген, сол кезде ер адам пышақты қолынан түсіріп алған», - дейді полиция қызметкерлері.
Қазіргі кезде ұсталған 24 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 380-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция аға лейтенанты Нұржан Какеегев ота жасалды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.