11 нау, 2020 сағат 13:39

Өскемен тұрғыны құны 22 млн теңгелік көлікті өртеп жіберген

Өскемен қаласындағы Стрелка шағынауданында белгісіз біреу құны 22 млн теңгелік «Лексус-570» көлігін өртеп кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол маңайдағы бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысып шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 02.00 шамасында ер адам көлікке жақындап, алдыңғы сол дөңгелегіне белгісіз сұйықтық төгіп, өртеп жіберген соң, бірден ізін суытқаны анықталды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні қолға түсірген. 27 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстың себептері анықталуда.