Өскемендегі Қазақстандағы жалғыз титан-магний комбинаты әлемдік өнім көлемінің төрттен бірін өндіреді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздегі Титан-магний комбинаты әлемнің жетекші комбинаттарымен бәсекелесіп қана қоймайды. Ол өнімнің 60 пайызын еуропалық Airbus концерніне жеткізеді. Бүгінгі таңда титан-магний комбинаты өнімдерін алу үшін әлемнің авиация компаниялары ғана емес, басқа да көптеген компаниялар таласып жүр», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Өңір басшысы әлемде бар болғаны үш бериллий зауыты мен 5 тантал зауыты жұмыс істейтінін, Қазақстанда аталған бағыттар бойынша бір-бір кәсіпорыннан бар екенін атап өтті.
«Бұл индустриялық әлеуеті сақталған бірегей мүмкіндіктер, ол біздің еліміздің индустриясы екенін мақтанышпен жариялауға мүмкіндік береді», - деді Даниал Ахметов.