Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар Наурыз мерекесі қарсаңында #НарруНаурыз атты челлендж бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақсылық Омар Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қайырымдылық көмек көрсету және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында челлендж бастауды ұсынды.
Қала әкімі көп балалы отбасынан шыққан 16 жасар Ануар Қадыровтың хатын оқып берді. Жасөспірім өзіне және ағалары мен әпкесіне Наурыз мейрамы қарсаңында компьютер сыйға тартуын сұрады.
Жақсылық Омар баланың хатына жауап ретінде әріптестерімен бірге ноутбук сыйлап, #НарруНаурыз челленджін жариялауды шешкенін айтты.
"Қаланың барлық кәсіпкерлерін, ізгі жүректі адамдарды челленджге белсенді қатысуға және игі істер жасауға шақырамын. Наурыз - жақсылық пен жасампаздықтың мерекесі", - деп атап өтті қала әкімі.