Көрнекі фото: Парламент Сенаты
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жолы әр өңірден 1 өкілден 20 сенатор сайланған. Орташа есеппен бір орынға 6 адамнан таласқан. Жалпы, 130 кандидат ұсынылып, 55-і Сенаттағы орынға үміткер болды.
Сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:
Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев, 1967 жылы туған, құрылыс колледжінің директоры, Семей қ.;
Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов, 1963 жылы туған, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, Көкшетау қ.;
Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов, 1967 жылы туған, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе қ.;
Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысының Қаскелең қ.;
Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев, 1963 жылы туған, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, Атырау қ.;
Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, 1964 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Орал қ.;
Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев, 1976 жылы туған, Шу ауданының әкімі, Жамбыл облысының Шу қ,;
Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Талдықорған қ.;
Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов, 1963 жылы туған, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Қарағанды қ.;
Қостанай облысынан – Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қостанай қ.;
Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов, 1968 жылы туған, Қызылорда облысының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қызылорда қ.;
Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров, 1971 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қ.;
Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов, 1965 жылы туған, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, Павлодар қ.;
Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы, Петропавл қ.;
Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек, 1980 жылы туған, Жетісай ауданының әкімі, Түркістан облысының Жетісай қ.;
Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев , 1965 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ұлытау облысының Ұлытау ауылы;
Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов, 1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қ.;
Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қ.;
Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова, 1975 жылы туған, «Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Алматы қ.;
Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, 1964 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ.