Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауының 9 тармағына сәйкес орындау үшін «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру, уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) өкілдері, ішкі сауда нысандарының (базар) иелері, жеке және заңды тұлғалармен (қызмет алушылар) өсімдік карантині бойынша дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл». (Фитосанитарлық және карантиндік сертификат: Не үшін арналады, қайдан және қалай алуға болады? Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін өсімдіктер карантині саласындағы негізгі факторлар?)
Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және автоматтандыру бойынша іс-шаралар кешені қабылдануда (яғни мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы алу) жемқорлық туындатушы факторларды және көрсетілетін қызметті алушылар мен мемлекеттік инспекторлардың тікелей қатынасын азайту).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің төрағасы Е.К.Айнабековтың басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2018 жылдың 11 қаңтарындағы № 2 хаттамаға сәйкес аумақтық бөлімшелер мен бағынышты ұйымдар арасында бейнеконференция режимінде селекторлық жиналыс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету мақсатымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы төмендегі іс-шараларды жүргізеді:
- мемлекеттік қызметті алу кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмысы ай сайын жүргізіледі; - мемлкеттік инспекторлардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне байланысты туындайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары апта сайын өткізіледі; - инспекция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша қабылданған іс-шаралар туралы инспекция басшысымен апта сайын ақпараттандыру жұмысы өткізіледі; - бөлім басшысымен өсімдік карантині саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты негізде ішкі бақылау жүргізіледі; - шекаралық бекеттер мен пункттер (ішкі сауда нысандары, УСҚ), өсімдіктер карантині бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат көздерімен қамтамасыздандырылған; - «тікелей жедел желі» - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін өсімдіктер карантині бөлім басшысы мен мемлекеттік инспекторлардың байланыс нөмірлері қолжетімді болуы.Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарының бірі - ресми тұлғаның азаматпен тікелей байланыс болуы. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі төменірек.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін өсімдіктер карантині саласындағы негізгі факторлар:
- өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың қызмет алушылармен мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі тікелей қатынаста болуы, яғни ақысыз түрде берілетін фитосанитариялық және карантиндік сертификат алуға арналған өтініш қабылдау - өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың бенефициарлармен карантинге жатқызылған өсімдік өнімдерін біріншілік қарап тексеруге кезінде тікелей байланысқа түсуі; - өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар беру кезінде бенефициарлармен тікелей байланысқа түсуі; - өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың бенефициарлармен карантинге жатқызылған өсімдік өнімдерін карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау актісін алу үшін екіншілік қарап тексеру кезінде тікелей байланысқа түсуі;Шекаралық бекеттер мен пункттерде, сонымен қатар ішкі сауда нысандары мен уақытша сақтау қоймаларында (УСҚ) мемлекеттік инспекторлардың қызмет алушылармен тікелей байланысқа түсуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жоғары тәуекелі болып табылады:
- Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін карантинге жатқызылған өсімдік өнімдерін тұрақты негізде біріншілік қарап-тексеру - әкелінетін карантинге жатқызылған өсімдік өнімдерін тұрақты негізде екіншілік қарап-тексеру - фитосанитарлық және карантиндік сертификаттардың болуын және дұрыс толтырылуын тұрақты негізде қадағалау
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.
Осыған орай 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес 2018 жылдың соңына дейін ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді біртұтас терезе қағидасы бойынша кезең-кезеңмен көшіру бойынша шаралар қабылданатын болады.