02 там, 2022 сағат 08:17

Осакаров ауданының атауы өзгереді


Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы өзгереді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Бүгін ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Одан бөлек комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектіге атау беру және қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді.

«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныстар сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.