29 нау, 2023 сағат 12:55

Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек - Тоқаев

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру қажет. Сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалуы керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады.

Реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру ісінде мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады. Сол себепті жұмысқа ынтасы бар және жоғары білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту керек. Жеке секторда жүрген кәсіби және дарынды басқарушылар үшін жол ашық болуға тиіс.

Бізге мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу қажет. Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек. Мемлекеттік органдардағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін де толық жаңғыртқан жөн» - деді Президент VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде.