20 мау, 2023 сағат 18:42

Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді - Президент

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕуроОдақтың Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастығын атап өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Еуропалық Одақ – Қазақстан үшін аса маңызды әрі еліміздің ең ірі сауда серіктесі. Біз өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін еуропалық институттармен тұрақты жұмыс істейміз. Қазақстан – «Орталық Азия + ЕО» форматының белсенді серіктесі.

Осы форматтағы соңғы кездесуіміз Қырғызстанда өтті. Жуырда өзара ынтымақтастығымызға, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқыладық. 

Орталық Азия халықаралық аренада ықпалды аймаққа айналып келеді» - деді Мемлекет басшысы.