Орталық Азия елдері экономиканың пандемияға дейінгі көрсеткішіне 2021-2022 жылдары жетеді. Бұл туралы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еуропалық Одақ үлесіне Орталық Азия сыртқы саудасының жалпы көлемінің 20 пайыздан астамы тиесілі. Осы орайда ЕО маңызды әрі тұрақты экономикалық серіктесі болып отыр», - деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, Бішкектегі бүгінгі кездесу өзекті болып тұр.
«Бүгінгі форум әлемдік экономиканың жүйелі қалпына келуі мен оның постпандемиялық күн тәртібіне көшуі тұрғысында қосымша өзектілікке ие болып отыр. Халықаралық валюта қорының соңғы бағалауы бойынша Орталық Азияның барлық елдері пандемияға дейінгі көрсеткішке 2021-2022 жылдары жетеді», - деді Үкімет басшысы.