Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Оразалин 2019 жылы ақпанда Президент Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Оңдасын Сейілұлы 1963 жылы 6 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша, ал 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003), Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар бөлімінің бастығы (2003-2004), Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (2004-2005), Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2005-2006) болған.
2017 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.